00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық банк JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығармақ

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық банк JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығармақ

Ұлттық банк мәліметінше, номиналы 500 теңгелік - алтыннан, номиналы 500 және 5 000 теңгелік - күмістен дайындалған монеталар, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұратын блистерлік жиынтық коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Алтыннан және күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. «рrооf-like» сапасымен мельхиор қоспасынан және «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік жиынтықта шығарылады.

Бұл монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Айналымдағы коллекциялық және биколорлы монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Монеталар мен блистерлік жинақтар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасы мен ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.