00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан сыртқа жанар-жағармай шығармайтын болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан сыртқа жанар-жағармай шығармайтын болды

«Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыс пен көліктің зауыт орнатқан багын қоспағанда автомобильмен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын» делінген бірлескен бұйрықта.

Құжат мәтінінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК Шекара қызметімен өзара әрекеттесіп, өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етуі керектігі айтылған.

«Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобильдің зауыт орнатқан стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу жөнінде жәрдем көрсетсін» деп жалызған бұрықта.

Ал Энергетика министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі бұл тыйымның талаптары туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлауға міндеттелді. Сондай-ақ бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Энергетика, Қаржы, Ішкі істер вице-министрлеріне және ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктеліп отыр.