00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаншама кәсіпорын салынса да іс жүзінде ештеңе өзгермеді – сарапшы

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаншама кәсіпорын салынса да іс жүзінде ештеңе өзгермеді – сарапшы

Сарапшының сөзінше, бір кездері экономиканы көтеру үшін мемлекетте қажетті қаражат қоры болды, бірақ мүмкіндікті пайдалана алмады.

«2008 жылы әлемдік дағдарыс болса да, біздің экономикамызды дамыту үшін қолайлы кезең еді. Сол кезде шетел инвесторларынсыз-ақ өз күшімізбен көп нәрсе жасап алуға мүмкіндік болған еді. Алайда, өнеркәсіп саласында ештеңе жасалмады. Жыл сайын мыңдаған кәсіпорындар салынды, дегенмен іс жүзінде ештеңе өзгермеді», – дейді экономист.

Оның айтуынша, мемлекеттік қаражат мән-мағынасы жоқ салаларға жұмсалған.

«Технологиясы дамыған елдермен ықтымақтастық жасаудың орнына мемлекеттік қаржы қажеті жоқ бағдарламалар мен іс-шараларға бөлінді. Мәселен, ЭКСПО ұйымдастыруға кеткен ақшаға мұнай өңдеу зауыты мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттарын салуға арнауға болар еді. Бірақ ондай дүниелер жасалмады», – деді ол.