Елімізде жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірленеді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ақорданың “Twitter”-де жариялаған мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысы Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеу керектігін атап айтты.
“Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналған жеке бөлім болуы тиіс. «Отбасы» банкі инструментарийінде мұндай азаматтарға бастапқы жарнасы 10% және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5%-ға дейін болатын жеңілдетілген ипотека бағдарамасын қарастыруы қажет. Үкімет әкімдіктермен бірге бұл бастаманы жан-жақты пысықтау керек», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді