00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандағы орташа жалақы қанша?

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандағы орташа жалақы қанша?

“2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылдың тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады”, – делінген статистикалық мәліметте.

Ең көп атаулы жалақылар мына салаларда тіркелді:

- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласын – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);

- қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);

- ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).

Ал ең төменгі атаулы жалақы тіркелді:

- сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде - 154,9 мың теңге;

- ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары.

Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.

Айта кетейік, халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтардан басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.