00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Карантин шараларын бұзғандарға 2 млрд теңге айыппұл салынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Карантин шараларын бұзғандарға 2 млрд теңге айыппұл салынды

Мониторинг тобының өкілдері соңғы он айдың ішінде жалпы 1 042 798 нысанды тексерген. Нәтижесінде 29 215 нысанда карантин шараларын бұзу фактілері тіркелді. Кемшіліктердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан (5 526) мен Түркістан облыстарында (4 628), Алматы (4 207), Нұр-Сұлтан (2 891) және  Шымкент (2 583) қалаларында анықталды.

Атап айтқанда, ШОБ субъектілерінің уақытша жұмыс режимін сақтамауы, кафелер мен мейрамханаларда түрлі бұқаралық іс-шаралардың заңсыз өткізілуі, қонақтар мен қызметкерлердің қарапайым санитарлық ережелерді елемеуі сынды карантин шаралары жиі бұзылған.

Мониторингтік топ 4218 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша өңірлік департаменттердің қызметкерлері 3887 ұйғарым берді. Егер 410 материал сотқа жіберілсе, ал 118 нысанның қызметі тоқтатылды.

Карантин кезеңінде шектеу шараларын бұзғаны үшін 26 140 ШОБ субъектісі жауапкершілікке тартылды. Ал 15 839 заңды және 10 301 жеке тұлғаға 2,1 млрд теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды.