00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан биткоин майнингі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан биткоин майнингі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты

Биылғы сәуірде АҚШ-тың үлесі 16,8%-ды құраған болатын, үш ай ішінде екі еседен көп өсіп отыр.

Ал ол уақытта Қазақстан әлемде биткоин майнингі бойынша үшінші орынға табан тіреген-ді, қыркүйектен бастап оның үлесі алты еседей-дерлік артты.

2019 жылғы мамырда биткоиндардың 75%-ын Қытайда өндіретін, биылғы шілдеде оның үлесі 44%-ға қысқарып, тамызға қарай мүлдем жоғалды. 2021 жылғы мамырда бұл елде майнингке тыйым салынды, ал қыркүйекте Қытайдың орталық банкі криптовалютаға қатысты барлық операцияны заңсыз деп таныды.

Зерттеушілердің айтуынша, Қытайдың ірі майнерлері осы тыйымнан кейін Солтүстік Америка мен Орталық Азияға көшіп кеткен.