Мукбанг, халлю, ханбок: Оксфорд сөздігі корей тілінен енген сөздермен толықты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Кәріс сөздерінің ағылшынтілділер арасында қолданыла бастауы лексикалық инновациялардың Ұлыбритания мен АҚШ-тағы дәстүрлі тіл орталықтарымен ғана шектеліп қоймай, корей мәдениеті мен асханасына деген қызығушылықтың артқанын да көрсетеді.
Сөздіктің жаңа басылымына мынадай сөздер енген:
- Мукбанг – аудиториямен әңгімелесіп, өте көп көлемдегі ас-ауқат жеп отыратын блогерлердің тікелей трансляциясы;
- Халлю – корей толқыны; Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетінің әлемге таралуын білдіретін ұғым;
- Эгё – “сүйкімді”, “сұлу” деген мағынаны білдіретін сын есім; жапондардың “каваий” сөзінің баламасы;
- Пулькоги – маринадталған сиыр немесе бұзау етінен дайындалатын, барбекюға ұқсас корей тағамы;
- Ханбок – Корея тұрғынының ұлттық костюмі.
Толық тізіммен Оксфорд сөздігінің сайтында танысып шығуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
15 қараша, 2024
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай автокөлік сатып алды