00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордаға қанша шетелдік инвестиция тартылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордаға қанша шетелдік инвестиция тартылды

Салалар бойынша қарастырсақ, шетелдік инвестицияның ең көп өсімі өңдеу өнеркәсібінде (57,2%), саудада (45,8%), тау-кен өнеркәсібінде (27,1%), көлік саласында (20,4%) байқалған. 

Қазақстан экономикасына құйылатын капитал ағынының өсуі барлық негізгі инвестор елге тән болып отыр. Мәселен, Нидерландыдан – 3,3 млрд доллар (24,5% өсу), АҚШ-тан – 2,1 млрд доллар (87,7% өсу), Швейцариядан – 1,3 млрд доллар (86,7% өсу), РФ-дан – 704,9 млн доллар (17,0% өсу), ҚХР-дан – 508,7 млн доллар (63,7% өсу), Бельгиядан – 459,5 млн долларр (4,3% өсу), Түркиядан – 388,7 млн доллар (79,9% өсу), Оңтүстік Кореядан – 233,0 млн доллар (33,1% өсу) тікелей инвестиция тартылған.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары инвестициялық белсенділік Атырау облысы (3,6 млрд доллар; 15,4% өсу), Алматы қаласы (3,0 млрд доллар; 26,3% өсу) және Шығыс Қазақстан облысында (1,3 млрд доллар; 72,8% өсу) тіркелді.

Сондай-ақ оң динамика Павлодар облысында (514 млн доллар; 21,7% өсу), Қостанай облысында (496,4 млн доллар; 2,2 есе өсу), Ақтөбе облысында (410,1 млн доллар; 53,2% өсу), Нұр-Сұлтан қаласында (308,6 млн доллар; 10,2% өсу), Маңғыстау облысында (302,9 млн доллар; 98,8% өсу), Түркістан облысында (137,8 млн доллар; 85,1% өсу), Шымкент қаласында (64,1 млн доллар; 22,4% өсу) байқалып отыр.

Бүгінде Үкімет тікелей шетелдік инвестициялар ағынының қарқынын жылына 30 млрд долларға дейін жеткізу және 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-ге шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.