00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде коллекторлық қызмет көлемі бір жылда 12 есе қысқарды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коллекторлық қызмет көлемі бір жылда 12 есе қысқарды

Ал былтырғы қаңтар-маусымда көрсетілген қызмет көлемі 55,4 млрд. теңге болған еді.

Өңірлер бойынша алып қарасақ, көрсетілген барлық қызметтің төрттен үш бөлігі (43,4 млрд теңге – жылына 8,8%-ға өскен) Алматыға тиесілі. Көшбасшы өңірлердің үштігіне Нұр-Сұлтан (9,2 млрд теңге, 11,3%-ға аз) мен Қарағанды облысы (742,2 млн теңге, 42,4%-ға аз) кірді. Ең аз қызмет көлемі Түркістан облысында көрсетілген (14,6 млн теңге, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 72,5%-ға аз).

Құқық саласында көрсетілген қызметтер көлемі былтырғыдан 26,8%-ға (23,4 млрд. теңгеге дейін) өскен. Оның ішінде адвокаттардың қызметі 11,8 млрд теңге (жылына 25,2%), нотариустар 77,3 млн теңге (жоғарылау 48,9%) болған.

Бухгалтерлік қызмет саласындағы қызметтер, керісінше, 6,8%-ға төмендеді (34,5 млрд. теңгеге дейін құлдырады). Оның ішінде қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызметтер 18,3 млрд теңгеге (3% төмендеді), шоттарды жасау және бухгалтерлік есеп саласында 15,3 млрд. теңгеге (10,6% төмендеді), салық салу бойынша консультациялар саласында 579,8 млн. теңгеге (8,7% жоғарылады) көрсетілді. ҰБХ үшін бухгалтерлік, салықтық есеп және қазынашылық операциялар саласындағы қызметтер 324,9 млн теңге (жылдық өсім – 52,8%); төлем қабілетсіздігіне және берешекті өндіріп алуға байланысты қызметтер (коллекторлар қызметтері) 26,1 млн. теңгені (91,8% төмендеді) құрады.

Депутаттар Бас прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне коллекторлық агенттіктер мен қаржы ұйымдарының қызметіне қатысты сұрау жіберді. Олардың айтуы бойынша, отандық қаржы нарығында міндеттемелерді сату тетігі борышкерлерді тығырыққа тірейді және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделері ескерілмейді.

Онымен қоса микроқаржы ұйымдарының өкілдері қарыз алушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып қорқытады, қарыздарын қайтаруды талап етеді. Бұл ретте қарызды қайтарып алу жұмысын ресми тізімге енбеген, ойдан шығарылған коллекторлық агенттіктердің қызметкерлері істейді. Осылайша, тұтынушылар құқығын өрескел бұзып, оларды жаңылыстырады, – деп жазылған сұранымда.