00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық жігіт ұстара ұрлаймын деп ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық жігіт ұстара ұрлаймын деп ұсталды

Қылмыстық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 19 жастағы астана тұрғынын қолға түсірді. Жігіт бұрын бірнеше рет сотталған екен.

Камерадан байқағанымыздай, күдікті сауда үйіне келіп, өзін ешкім көріп тұрмағанын пайдаланып Gillette маркалы ұстараларды ұрлап кеткен. Бірнеше күн өткен соң ол дәл сондай ұстараларды тағы да жымқырған. 

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.