Астанада қалдықтарды энергияға айналдыратын жоба жүзеге асырылады
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz
Астананың қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигоны 2006 жылы испандық жоба негізінде экологиялық талаптарға, санитарлық және құрылыс нормаларына сәйкес салынған.
2018 жылы сенімгерлік басқару шарты аясында полигонның мүліктік кешені «Эко Полигон Астаны» ЖШС-іне 15 жыл мерзімге берілді.
Қазіргі уақытта полигонда 14 автокөлік пен арнайы техника жұмыс істейді.
«Бүгін мәслихат отырысының алдында Астана қаласының коммуналдық қалдықтарын басқару бағдарламасының 2025-2028 жылдарға арналған жобасын талқылау басты тақырыпқа айналатындықтан депутаттар полигон қызметімен танысты.
Сонымен қатар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қарастырылатын болады. Бұл жоба жеке инвестициялар есебінен іске асырылмақ», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат.