Сенатор медициналық мекемелерді қаржыландыру мәселесіне назар аударды
Сенатор Бибігүл Жексенбай еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында ауруханалар мен емханаларды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан қаржыландыру мәселелері туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Депутаттың айтуынша, көптеген емдеу мекемелерінде қордан қаржыландыру айтылған соманың 60%-дан 80%-на дейін жылдан жылға төмендеп бара жатқаны байқалып отыр. Медициналық ұйымдардың шығындарды оңтайландыруына қарамастан қаржыландыру тапшылығына байланысты кредиторлар алдында берешегі пайда болады. Нәтижесінде олар қалыпты жұмыс істей алмай келеді, жаңа технологияларды енгізе алмайды, қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндігі жоқ және тағы басқа игі істер кенже қалып отыр.
Бұл жағдай бөлінген қаржы көлемін ӘМСҚ тарапынан әдейі төмендету ғана емес, сондай-ақ әрбір емделген жағдайға арналған қолда бар тариф нақты бір науқасқа арналған шығынды өтемейтіндігіне байланысты. Жағдайдың бәрі ӘМСҚ тарапынан кесте сызықтары бойынша қиындатылады, ол тіпті шұғыл қызмет көрсету кезінде де қолданылады, - деді Б.Жексенбай.
Сенатор осы мәселелерді шешу үшін Үкімет басшысына ұсынылған жылдық өтінімге сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан қаржыландыруды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру топтамасын біріктіруді ұсынды. Себебі, ақша әрдайым бір топтамадан жұмсалмайды, ал олар басқа топтамада мүлде жетіспей қалады. Науқастарды емдеуде тек негізгі диагноз бойынша ғана емес, сонымен қатар жанама ауру үшін де дәрігерлерге ақы төлеу маңызды.
Егер науқаста негізгі аурудан және ілеспе патологиядан басқа сырқат болса, үдеме және жанама аурулар үшін де ақы төлеу қажет. Мәселен, науқас пневмония диагнозымен ауруханаға түседі, тариф бойынша 120 000 теңге сома бөлінеді, ал ол науқаста ілеспе патология, қант диабеті, артериялық гипертензия және басқа да патология бар, олар ӘМСҚ-дан төленбейді, өйткені тек негізгі диагноз ғана жіктеуге алынады. Ал емдеу мекемесі 120 000 теңгенің орнына осындай пациентке, барлық ілеспе ауруларын емдеуге 300 000 - 500 000 теңге жұмсайды, - деді сенатор.