Елордада екпе алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда
Астанада ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, вакцинация алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Мамандардың мәліметінше, 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы егілмеген 7-18 жас аралығындағы 13 000 баланың 10 371-і иммунизациямен қамтылды.
Ал 2023 жылы 6 қарашадан бастап ағымдағы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундалуы қажет контингенттің, яғни 121 000 адамның ішіндегі 67 168 адам егілді.
24 000 баланың 9 363-і екпемен қамтылды (6 айлықтан бастап 10 ай, 29 күндік нәрестелер).
2-4 жастағы 78 000 баланың 41 922-сі, сонымен қоса, 6000 медицина қызметкерінің 5512-сі иммунизацияланды, - деді Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.