00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады

19 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мектептер оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша жобаға қатысады, деп хабарлайды Elorda.info.

Жобаның мақсаты оқушылардың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту, балаларды, ата-аналарды және мектеп әкімшілігін жобаға тарту арқылы оларды теріс әдеттерден қорғау. 

Вице-министрдің айтуынша, жобаға 1 200 мектеп қатысады. Қазіргі таңда басқа да білім беру ұйымдарын тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 

Жасөспірімдерді нашақорлық, вейпинг, лудомания сияқты жағымсыз құбылыстардан қорғау үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларды теріс әдеттерден қорғау және олардың денсаулығын дамыту жөніндегі бірнеше жол карталары мен іс-қимыл жоспарларын жүзеге асыруда. Биология, дүниетану, жаратылыстану және дене шынықтыру пәндерінің мазмұнына темекі шегу мен есірткінің зияны туралы тақырыптар енгізілді. Сонымен қатар мектептерде полиция және медицина қызметкерлерінің қатысуымен психоактивті заттар мен вейптерді қолданудың алдын алу бойынша іс-шаралар өтеді, - деп атап өтті вице-министр. 

Бұл жұмысқа барлығы 90 мың маман, сегіз мыңнан астам педагог-психолог және төрт мың әлеуметтік педагог тартылды.