Елордада ЭКҰ процедурасына 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді
Елордада ЭКҰ процедурасына 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кету керек, 2023 жылы Астана қаласы бойынша 15 жеңілдік санатына кіретін жүкті әйелдер дәрігерлердің бақылауына байланысты 2 млн қызмет алды. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер, олардың жалпы қаржыландыруы МӘМС қаражатынан 3,3 млрд теңгені құрады.
Бұл ретте акушерлік бейіндегі тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 43 мың астаналықтың емделуіне 6,8 млрд теңге қарастырылды. Бала көтеруге қабілетті жастағы 831 әйел құны 1,68 млн теңге болатын темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттарды алды.
Сонымен қатар 2024 жылы МӘМС бойынша ұрықтың туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 9,25 млн теңге қарастырылған.
Уақтылы скрининг – ана мен бала денсаулығының кепілі. Жүкті әйелдер МӘМС шеңберінде 1-ші, 2-ші, 3-ші триместрде пренетальды скринингтерден өтуі мүмкін. Ал жүкті әйелдерді, сондай-ақ жоғары тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді бақылау бөлімшесінде МӘМС енгізудің арқасында тексеру тізбесі кеңейтілді. Науқас үшін мұның бәрі тегін болады, - деп түсіндірді Астана қаласы №2 көпсалалы ауруханасы директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары, жоғары санатты акушер-гинеколог Сәуле Ибраева.
Жүкті әйелдерге медициналық көмек туралы барлық сұрақтар бойынша Қорға жүгінуге болады:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- Telegram-бот @saqtandyrybot;
- бірыңғай байланыс орталығы 1414;
- сайт fms.kz.