Елімізде солтүстік өңір тұрғындары қатерлі ісікке жиі шалдығады
Елімізде солтүстік өңір тұрғындары қатерлі ісікке жиі шалдығады
Еліміз бойынша қатерлі ісікке солтүстік өңір тұрғындары жиі шалдығады. Атап айтқанда, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қостанай облыстарында обырға шалдығу көрсеткіші жоғары. Оған климат пен сол аймақтағы ауыр өнеркәсіп орындары әсері етеді. Яғни, бұл өңірлердің аумағында ауыр еңбек күшін қажет ететін өндіріс орындары бар. Сонымен қатар темекі шегу мен дұрыс тамақтанбау да қатерлі ісікке алып келеді, - дейді Мұхтар Төлеутаев.
Бас онкологтың мәліметінше, Көпсалалы медицина орталығына жүгінетін науқастардың 20-40 пайызы өзге өңірлерден келеді.
Оқи отырыңыз: Елордада былтыр 900-ге жуық адам онкологиядан қайтыс болды
Сондай-ақ бүгінде елімізде 218 мыңнан аса адам қатерлі ісік бойынша есепте тұр. Былтыр 41 мыңнан аса адам осы сырқатқа шалдыққан. Ауру құрылымында бірінші орында сүт безінің обыры тұр. Ішек обыры екінші орында болса, өкпе ісігі үшінде орында. Одан бөлек асқазан және жатыр мойны обырлары жиі кездеседі.