00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр елде 220 мың азамат диспансерлік есепке алынған

11 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр елде 220 мың азамат диспансерлік есепке алынған
фото: Оңалхан Өнерхан

Былтыр елде 220 мың азамат диспансерлік есепке алынған, деп хабарлады Elorda.info.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, скринингтік тексерулермен 2,8 млн ересек адам, оның ішінде 1,1 млн ауыл тұрғыны қамтылған. Бұл ретте патологиялар 388 мың адамда анықталды, зерттеліп-қаралған 220 мың азамат диспансерлік есепке алынды. Қашықтан медициналық қызмет көрсету үрдісі күшейіп, олардың саны 6,7 есеге артып, 688 мың қызметке жетті.

Амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет немесе 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет алды. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды.

Соңғы 3 жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат көлемі 2 еседен астам ұлғайды, ол бүгінде 237 млрд теңгеге жетті. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша нозологиялар санын 48-ден 126-ға дейін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі тегін дәрілік препараттардың тізбесі – 272-ден 347-ге дейін кеңейтілді, - делінген министрлік ақпаратында.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 78 МСАК нысаны салынып, 80 бастапқы буындағы нысан жөнделді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 110 мыңнан астам маман, оның ішінде 34 195 дәрігер және 75 852 орта буын қызметкері жұмыс істейді.