00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады

Биыл қант диабетімен күреске 70 млрд теңге жұмсалады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда қант диабетімен күреске жұмсалатын қаражат көлемі жыл санап өсіп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Егер 2021 жылы қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға 31 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 56,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі сатып алынған. Ал 2025 жылғы жоспар – 70 млрд теңге. Жыл сайын қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек шығындарының көлемі жыл сайын 24 пайызға артып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды. 

2024 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар саны жарты миллионнан астам (522 224) болды. Оның ішінде І типке 29 889 (5%), ІІ типке 492 335 (95%) адам шалдыққан.

2024 жылы қант диабетін анықтау бойынша 1,6 миллион адам скринингтен өтсе, олардың 10 пайызынан гипергликемия белгілері анықталған. 

«2025 жылдан бастап бақылауда тұрған адамдар қан құрамындағы глюкоза мөлшерін анықтау бойынша екі рет тегін тексеруден өтеді. Сондай-ақ, биылдан бастап қант диабетіне қарсы препараттарды дұрыс қолдану бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары күшейтіледі», – делінген премьер-министрдің жауабында.