00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауылға барған жас дәрігерге 8,5 млн теңге беріледі

24 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауылға барған жас дәрігерге 8,5 млн теңге беріледі
фото: Оңалхан Өнерхан

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем мен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы белгіленді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің telegram желісінде жазылды.  

Сондай-ақ «Мамандық бойынша үздік» республикалық байқауы өткізіледі. Оның жеңімпазына 500 АЕК көлеміндегі төлем табысталады.

Сондай-ақ ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне бір мезетте 100 ең төменгі жалақы төлеу жоспарланып отыр. 2024 жылы бұл сома 8,5 миллион теңгені құрайды. Ең төменгі жалақының өсуімен төлем мөлшері де өседі. Бұл ережені депутаттар өңірлерге барған сапарында енгізді. Өңірлерге сапар барысында тұрғындар медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерген болатын. Осылайша ауылдардағы медициналық кадрлар тапшылығы мәселесін жүйелі шешу қарастырылып отыр, - делінген хабарламада. 

Медицина қызметкерлерінің балалары балабақшаға қабылдауда басымдыққа ие болады. Ал қызметтік міндеттерінің салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі анықталған медицина қызметкерлерінің балаларын жоғары оқу орындарына конкурссыз қабылдау ұсынылды.