00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады

2 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық дәрігерлер Қарағандыда күрделі ота жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Медициналық орталық ауруханасының нейрохирург, аритмолог, гинеколог, пульмонолог, уролог және тағы басқа дәрігерлері 25 ота жасап, 130-дан астам консультациялық көмек берді. Елордалық мамандардың 26 презентациясы мен шеберлік сабақтарына мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Elorda.info.

Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері өңірде бұрын-соңды жасалмаған күрделі операцияларды сәтті өткізгенін, олардың көмегіне жүгінген пациенттердің басым бөлігі ауыр диагнозы бар адамдар болды. 

Апта ішінде Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері жергілікті әріптестеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек тақырыбында бірқатар презентация жасады. 

Іссапар барысында Медициналық орталық пен Қарағанды облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.