00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүріп жатыр

23 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүріп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жұқпалы аурулардың (ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясы, туберкулез, қызылша) алдын алу туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда елордалық дәрігерлер назар аударатын жұқпалы ауру – қызылша. Қызылша – өте жұқпалы жедел вирустық ауру, ол ауа тамшылары арқылы таралады және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін.

Бүгінде елордада 6 айдан 10 айға дейінгі 29 күн және 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүргізілуде. 

Биылғы 1 наурыздан 30 қазанға дейін Астанада 500-ден астам науқас тіркелген, оның 80%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, дәрігерлер алғашқы профилактиканы еске салады, ол вакцинациядан басқа ұтымды еңбек пен демалыс режимін, тұрақты тамақтануды және физикалық белсенділікті қамтиды. Мүмкін болса, кез келген инфекциямен ауыратындармен байланыста болмаңыз, - делінген хабарламада.