Астанада 7000-нан астам дәрігер қызылшаға қарсы екпе алды
26 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Қалада 7321 медицина қызметкері қызылшаға қарсы екпе алды. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылы 6 қарашадан бастап осы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттің, яғни 121 000 адамның 81 921 адам егілді. Бұл 67,7 пайызды құрайды. Оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күндік вакцинациялауға жататын 24 000 баланың 11 955-і немесе 49,8 пайызы және 2-4 жастағы вакцинациялауға жататын 78 000 баланың 50 309-ы немесе 64,5 пайызы екпе алды, - деді Сархат Бейсенова.
Сондай-ақ қаңтар айынан бастап ата-анасы вацинациядан бас тартқан 4529 баланың 995 бала немесе 22 пайызы екпе алды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады
9 қараша, 2024
Астанада бүйрек ауруларын басқарудың үздік практикалары талқыланды