00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маска тағуды бастау қажет пе: Тоғжанов жауап берді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Маска тағуды бастау қажет пе: Тоғжанов жауап берді

Ол сұрақ назарымыздан тыс қалып жатқан жоқ. Қазір пандемияның кезекті толқыны басталып кетті. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде 135-240 пайызға дейін өсім байқалып отыр. Сол себепті елден сыртқа шығатын азаматтардың бәріне осы жағдайға қатысты ұсыныстар бердік. Ел азаматтары тез таралып жатқан мемлекеттер мен аймақтарға барған кезде ойлануы керек. Дегенмен, біз әзірге жасыл аймақтамыз. Бүгін Алматы қаласы ғана сары аймаққа кірді. Бұған қатысты ВАК-тың нақты шешімдері бар, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Тоғжанов журналистің маска тағуды бастау қажет пе деген сұрағына жауап берді.

Сары аймақтарға байланысты ұсыныстар мен шектеулерде болады. Мұның бәрін азаматтар ескеруі тиіс. Азаматтар маска тағуды бастауы керек, - деді Ералы Тоғжанов.