2024 жылы барлық дәрілік заттарға таңбалау енгізіледі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарға цифрлық таңбалауды енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.
Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператормен бірлесіп, Қазақстанның облыстық медициналық мекемелеріне арналған таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу бойынша түсіндіру семинарларын өткізіп жатыр.
Таңбалау контрафактілік өнімдердің көлемін азайтып, дәрілік заттарды заңсыз сатуды жояды.
Республикамыздың облыстарында түсіндіру семинарлары Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуде. Семинарлардың алғашқы қатысушылары болып Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазастан, Маңғыстау облыстарының медициналық мекемелерінің өкілдері қатысты.
Кездесулерге денсаулық сақтау жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың 480-нен астам өкілі қатысты.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік заттардың 90-ына цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілген болатын. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалауды 100% енгізу жоспарлануда. Сарапшылардың пікірінше, таңбалау және қадағалау сонымен қатар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуы керек, осылайша пандемия кезінде байқалғандай олардың ықтимал тапшылығын болдырмайды.