00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәрігер бауырды жақсартатын өнімді атады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәрігер бауырды жақсартатын өнімді атады

Дұрыс тамақтанбау және зиянды әдеттер адам бауырының жасушаларында май жиналуына алып келуі мүмкін. Оның көлемін азайту үшін рационға сүзбені қосу жеткілікті, деді диетолог дәрігер Нурия Дианова. Оның айтуынша, осы өнімнің құрамындағы метионин амин қышқылы бауырды артық майдан арылтады.

Сүзбе құрамында заттардың ең жақсы үйлесімі бар. Атап айтқанда, метионин бар. Бұл амин қышқылы бауырға өте пайдалы, ол кез келген бауыр ауруымен жақсы күреседі. Метионин бауырдағы май мөлшерін азайтуға көмектеседі. Ғылыми тілмен айтсақ, сүзбе бауыр жасушаларының метаболизмін жақсартады, - деп түсіндірді Нурия Дианова.

Диетолог сауықтыру әсеріне қол жеткізу үшін күніне кемінде 50 грамм ірімшік жеу керек екенін айтты.

Орташа статистикалық адам күн сайын кемінде 50 грамм сүзбені (творог) жеуі қажет. Әйткенмен, ер адамдарға бұдан әлдеқайда көп көлемде тұтынған абзал. Сүзбені таңғы, түскі немесе кешкі ас ретінде де жеуге болады. Тек мөлшерін қадағалау қажет. Мысалы, таңғы асқа 50 грамм, ал түскі асқа 100 грамм жеу керек. Кешкі аста да осы мөлшерді ұстанған дұрыс, - дейді Нурия Дианова.