Былтыр неліктен елімізде ана өлімі көбейді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2021 жылы ана өлімінің өсуі коронавируспен байланысты екенін айтты.
Жүкті әйелдер COVID-19-дан қайтыс болды. Бұл жүкті әйелдерде коронавирустық инфекцияның агрессивті болуына байланысты. Физиологиялық жағдайдың өзі аурудың тез таралуына және дамуына ықпал еткенін өзіңіз түсінесіз, – деді ол.
Гиният сонымен қатар, ана өлімі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өскенін айтты.
Вирус – жас, бала, қарт немесе жүкті әйел деп қарамайды. Тіпті жас және дені сау адамдар одан қайтыс болды. Жүкті әйелдің физиологиялық жағдайы және иммунитеттің төмендеуі инфекцияның өршуіне және өлімге әкелуіне ықпал етті, – деді Гиният.
Министр 2022 жылдың бірінші тоқсанында елімізде ана өлімінің төмендегені байқалғанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады
9 қараша, 2024
Астанада бүйрек ауруларын басқарудың үздік практикалары талқыланды