00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Адамның 10 жылға кәрі көрінуіне әсер ететін өнімдер белгілі болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Адамның 10 жылға кәрі көрінуіне әсер ететін өнімдер белгілі болды

Мамандар адамның жас немесе кәрі көрінуіне әсер етуші негізгі фактор тамақтан болатынын айтты. Диетолог Триста Бесттің мәліметінше жартылай фабрикатталған өнімдердің құрамында қауіпті майлар, тазартылған көмірсулар, қант және жетілдірілген гликацияның соңғы өнімдері болғандықтан ағзаға өте зиян.

Қоректік талшықтардың жетіспеушілігі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Мәселен жаснұқты күнделікті қолдану ас қорыту жүйесін жақсартып, салмақты бір қалыпты ұстап тұруға көмектеседі және холестерин деңгейін төмендетуге тіпті қант диабеті мен жүрек-тамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі, – деді диетолог Кайли Иванир.

Қажетті талшықтар сұлы ұнынан жасалған тағамдар мен үрмебұршақ құрамында көп кездеседі. Мамандардың айтуынша қантты көп мөлшерде тұтыну тері мен дененің сыртқы күйіне әсер етеді. Ол тәттілермен қоса жартылай өңделген тағамдардың да құрамынан кездеседі. Қанты көп тағамдарды тұтыну адамның физикалық белсенділігін азайтып, артық салмақтың артуына ықпал етеді.