00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бір айдың ішінде 2 мыңдай әйелден қатерлі ісік анықталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде бір айдың ішінде 2 мыңдай әйелден қатерлі ісік анықталды

Әсіресе, жыл өткен сайын жатыр мойны обырына шалдыққандаор саны өршіп келеді. 

Жыл басталғалы жатыр мойны обырына шалдыққан 1806 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында сүт безі обыры 13,9%-ды көрсетіп отыр. Аталған дерт 5 022 адамнан анықталды. Екінші орында – өкпе обыры 3 612 жағдай анықталды. Бұл 10,0%-ды құрайды. Үшінші орында – колоректалды қатерлі ісік 9,1% көрсеткішпен 3 294 жағдайы, төртінші орында – асқазан обыры 7,1%-бен 2 573 жағдай тіркелді, – деп атап өтті еліміздің бас онкологы.  

Бір өкініштісі, ауырғандардың жас құрылымының 60%-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар.