Тек ауыл балалары оқитын мектеп түлектерінің 85 пайызы грант иеленді
Тек ауыл балалары білім алатын iQanat мектебінің түлектерінің 85 пайызы жоғары оқу орындарына грантқа түсті, деп хабарлады Elorda.info мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда мектеп түлектері әлемнің 15 елінде білім алуда.
Түлектердің 85%-ы Қазақстандағы және шетелдердегі үздік университеттердің гранттарына ие болды. Олар Гонконг, Дубай, Италия, Ресей, Түркия, Литва елдерінде білім алатын болады» , - деді IQanat қорының атқарушы директоры Әлия Саликова.
ҰБТ-да жоғары балл жинағандардың бірі – Ұлдана Орынбек. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылынан келген мектеп оқушысы 132 балл алған.
Бұл мектеп маған көп нәрсе берді. Бастысы жақын достар таптым. Бұл мекен менің екінші отбасыма айналды. Ал білім берген мұғалімдердің арқасында тесте жоғары балл алып, грант иегері атандым. Өте қуаныштымын, - деді мектеп түлегі.
Бүгінде мектеп түлектері Назарбаев, Пурдио, Чикаго, Витаутус Магнус секілді еліміздің және әлемнің беделді университеттерінде білім алып жатыр.
Айта кетейік, iQanat – әлеуметтік жоба. Бұл 100-ден аса қазақстандық кәсіпкердің ауыл балаларына қолдау көрсету мақсатында ашылған білім беру жобасы.Осы жоба арқылы жоба арқылы ауыл балалары сапалы білім алып, Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне гранқа оқуға түсе алады.