Елімізде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылды

Фото: freepik.com
12 мамыр күні Қазақстанда «Келешек» жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Отбасы Банк» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәулікте 1 000 ата-ана балаларына AQYL білім беру депозитін ашып үлгерген.
Ең алғашқы қатысушы – 5 жастағы Ибрагим Әділбек. Оның әкесі Жамбыл обысының тұрғыны – Бағдат Ерубаев ұлына депозит ашып, енді мемлекет шотқа 60 АЕК (235 920 ₸) көлемінде старттық капитал аударады.
Бұл соманы сақтау үшін жыл сайын шотқа кемінде 24 АЕК (94 368 ₸) салып отыру қажет. Бұған қоса – банктің сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақы қосылады.
«Бұл – баламыздың болашағына жасаған салымымыз. Ақша білімге немесе баспанаға жұмсалады», - дейді Бағдат.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Тамыз айындағы ҰБТ-ға 25 мың талапкер қатысты

15 тамыз, 2025
ҰБТ өткізу барысында 103 адам ереже бұзған – министрлік

15 тамыз, 2025
Мектеп тек өз құзыретіне кіретін мәселелерге ғана жауап беруі керек – Асхат Аймағамбетов

15 тамыз, 2025
Мұғалім жаңа технологияларды қолдана білуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев