Елімізде педагогтер мен психологтар үшін арнайы магистратура бөлімі ашылады
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге мамандандырылған магистратура ашу жөнінде жазды ұсынды. Министр бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Біз университеттерге психологиялық медициналық педагогикалық кабинеттің (ПМПК – ред.) мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз. Бұл ПМПК, психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері және орталықтардың мамандары сұхбат арқылы ағылшын тілінсіз түсуі үшін қажет, – деді министр.
Сондай-ақ министр бакалавриат бағдарламалары аясында даярлау, курс арқылы мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарына ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
21 қараша, 2024
Астаналық оқушы қиын есептерді шешудің түрлі жолдарын ойлап тапты
21 қараша, 2024
Биыл жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге қаражат бөлінді
21 қараша, 2024
Астанада Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады