2025 жылғы негізгі ҰБТ: Үміткерлер қандай бейіндік пәндерді таңдады


Ұлттық тестілеу орталығы биылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш берген үміткерлердің қандай бейіндік пәндерді таңдағанын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ең көп таңдалған пәндер тізімінде "Математика-Физика" (16,5%) мен "Биология-Химия" (15,6%) пәндері көш бастап тұр. Кейінгі үш орынды "Шығармашылық емтихан" (12,2%), "Математика-Информатика" (9,7%) және "Шет тілі-Дүниежүзі тарихы" (8,2%) иеленген.
Айта кетейік, 2024 жылы да алғашқы бестікте аталған бейіндік пәндер дәл осы ретпен орналасқан болатын.
Биылғы бейіндік пәндердің толық тізімі төмендегі инфографикада бейнеленген:
Еске салайық, 28 сәуірде негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.
216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген.