00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Мектептегі білім берудің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі – ол оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысына қатысу. Мысалы, былтыр еліміз үшін жақсы жыл болды. 26 оқушымыз халықаралық деңгейде олимпиада жеңімпаздары атанды, - деп айтты ол.

Комитет басшысының айтуынша, олимпиадада жүлдегер атанған оқушылар алған орнына қарай тиісті сыйақымен марапатталады.

Сонымен қатар ынталандыру бағыты бойынша оқушылар мен олардың мұғалімдеріне біржолғы сыйақы беріледі. Мысалы, алтын, күміс және қола медальдарға ие болған оқушылар 1 500 АЕК, 1 000 АЕК және 500 АЕК көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болады. Ал олардың педагогтері оқушысы алтын алса, 150 АЕК, күміс алса, 100 АЕК және қола алса, 50 АЕК көлеміндегі сыйлыққа ие болады, - деп толықтырды Гүлмира Кәрімова.