«Байқоңыр ханымы – 2023»: Елордада ерекше байқау өтеді
Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының 25 жылдығына және Байқоңыр ауданының 5 жылдығына орай «Байқоңыр ханымы-2023» байқауын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Байқаудың мақсаты – әйел-ананың жақсы қасиеттері мен отбасылық құндылықтарын көрсету.
Байқауға қатысу шарттары:
- Конкурсқа қатысуға Астана қаласында тұратын, 30-45 жас аралығындағы көпбалалы отбасы (4 баладан кем емес) қатыса алады;
- Өтінімдер 21 маусымға дейін қабылданады;
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер g.kazbekova@astana.kz электрондық почтасы арқылы қабылданады;
- Қатысушыларды іріктеу аппараттың ресми Instagram желісіне жарияланып, лайк жинау арқылы жүргізіледі (қатысушылардың саны 8-ден асқан жағдайда);
- Нәтижесінде Гранд-финалға барлығы 8 отбасы өтеді.
Гранд-финал 1 шілде күні елорда күні қарсаңында өткізіледі.
Финал 5 кезеңнен тұрады:
I кезең: «Мен әйелмін, әлемнің анасымын» өзін таныстыру;
II кезең: «Сымбатты әйел» ұлттық қазақ костюмін көрсету (дефиле);
III кезең: «Әйел қырық шырақты» қолөнер сайысы;
IV кезең: «Өнерлі отбасы» қатысушы отбасымен шығармашылық өнерін көрсету (ән айту, би, аспапта ойнау);
V кезең: «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» отбасымен қазақ халқының дәстүрін көрсету.
Гранд-финал нәтижесінде «Байқоңыр ханымы» жеңімпазы анықталады.
Байқау номинанттарының барлығы дипломдармен, түрлі номинациялармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша сұрақтар үшін +7 708 390 2907 нөміріне хабарласуға болады.