00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астананың 25 жылдығына орай «Мен спортты таңдаймын!» республикалық акциясы өтеді

25 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астананың 25 жылдығына орай «Мен спортты таңдаймын!» республикалық акциясы өтеді
Фото: Олжас Сүлейменов

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info

Жазғы демалыс кезінде мәдениет саласында 500-ден астам, спорт және туризм салаларында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатын болады. Бүгінде мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында үйірмелер мен секциялардың 114 түрі қызмет етуді жалғастыруда. Сонымен қатар 23 маусымда еліміздің барлық өңірінде елорданың 25 жылдығын мерекелеуге және Халықаралық Олимпиада күніне орайластырылған «Мен спортты таңдаймын!» республикалық акциясы басталады, - деді А.Оралов. 

Министрдің сөзінше, ерекше қажеттіліктері бар балаларға жазғы демалыста айрықша көңіл бөлінеді.

Осы бағытта «Children Paralympic Games 2023» инклюзивті спорт фестивалі өткізіледі. Оған еліміздің барлық өңірінен ерекше балалар қатысатын болады.