Жүргізуші куәлігін әперемін деп тұрғынның 200 мың теңгесін иемденген семейлік ұсталды

Жүргізуші куәлігін әперемін деп тұрғынның 200 мың теңгесін иемденген семейлік ұсталды
Фото: Абай облысы ПД

Жаңасемей ауданының 37 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп бейтаныс әйел 200 мың теңгесін жымқырғанын айтып полицияға шағымданған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2025 жылы қараша айында бейтаныс әйел алдап кеткен. Криминалдық полиция Семей қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті кінәсін мойындаған. Ол қаражатты жұмсап жіберген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Полиция құжаттарды рәсімдеуге «көмек» ұсынатын делдалдарға сенбеуге және мемлекеттік қызметтерді тек заңды жолмен алуға шақырады.

Бұған дейін елорда тұрғыны көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалғанын хабарлаған едік.