«Заң мен тәртіп»: елордалық прокурорлар оқушылармен кездесті

Бүгін, 18:11
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Заң мен тәртіп»: елордалық прокурорлар оқушылармен кездесті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық прокуратура Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей 9-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының кикбоксинг бойынша титулды спортшылары Азиз және Икрам Бабаевтардың қатысуымен дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара құқықтық сипатта өтіп, заң талаптарын және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге, буллингтің, зорлық-зомбылықтың, ұрлық пен вандализмнің алдын алуға бағытталды. Дәріске 100-ден астам оқушыны қатысты.

Прокуратура қызметкерлері оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді, оның ішінде құқық бұзушылық жасаудың құқықтық салдарына қатысты сұрақтар да қамтылды.

Шақырылған қонақтар сондай-ақ спортпен жүйелі түрде айналысудың және жоғары нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.