Ішкі істер министрлігі «Қарасора-2025» республикалық операциясының нәтижесін шығарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ол есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған.
Оған маусым-қазан айлары аралығында полиция, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының және Қорғаныc министрлігінің қызметкерлері қатысты.
Тікұшақтар, дрондар және спутник координаталары жұмылдырылды.
Жалпы:
- 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды;
- 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді;
- құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 110 мыңнан астам бұталары жойылды;
- 4 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық топ құрықталды;
- 6 есірткі зертханасы жойылды.
Есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасы жабылды.
«Жамбыл облысында 200 келіден астам марихуана тәркіленді. Алматы әуежайында Үндістан азаматы анықталды. Ол елге 3 келі марихуананы алып кірмек болған. Жезқазғанда 100 келі марихуана тәркіленді. Қызылорда облысында салмағы 300 келі болатын 928 түп қарасора анықталды», - делінген хабарламада.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.