«Заң мен тәртіп» аясында балаларға арналған мультфильмдер шыға бастады
2 маусым, 2026
Видеодан алынған скрин
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп, балалар жарақатының алдын алу және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын насихаттауға арналған анимациялық бейнеролик әзірледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Мультфильмнің басты кейіпкері – Тәртіпбек. Ол балаларды қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен қарапайым әрі қызықты форматта таныстырады.
Бейнеролик «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы дайындалды. Жоба балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық бейнероликтер сериясының бастамасы болмақ.
Еске салсақ, Ұлттық комиссия балалардың қауіпсіздігіне қатысты үндеу жасады.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
26 қыркүйек, 2026
«Халық заңгері»: Астаналықтар бір жерде 30-дан астам орган өкілінен тегін кеңес алды
25 қыркүйек, 2026
Павлодар облысында қараусыз жүрген жылқылардың иелері жауапқа тартылды
25 қыркүйек, 2026
Әскери қызметшілердің қазасына қатысты бес лауазымды тұлға ұсталды