Жалған мемлекеттік бағдарламалар: алаяқтар қалай әрекет етеді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды алаяқтықтың жиілеп бара жатқанын ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда қаскөйлер азаматтарға тұрғын үй, кредит алуға немесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша қарыздарды есептен шығаруға уәде береді.
«Жедел ресімдеу» немесе «кепілдендірілген мақұлдау» деген сылтаумен олар ақша аударуды сұрайды, кейін құрбандарды ақшасыз қалдырып, байланысқа шығуды тоқтатады.
«Мұндай схемалар жиі жалған сайттармен, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулармен, «кеңес берушілердің» қоңырауларымен және дербес деректерді ұсыну өтініштерімен қатар жүреді. Кейбiр жағдайларда қаскүнемдер жоқ заңдарға немесе бағдарламаларға сiлтеме жасайды», делінеді хабарламада.
Алаяқтар азаматтардың, әсіресе қаржылық қиындықтарға тап болғандардың аңқаулығын пайдаланады. Олар қоңырау шала алады, мессенджерлерде жаза алады, әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялай алады немесе ресми порталдарға ұқсас жалған сайттар жасай алады. Олардың мақсаты – ақшаға немесе дербес деректерге қол жеткізу.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
Мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпаратты тек ресми ресурстар: eGov.kz, мемлекеттік органдардың сайттары және олардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарын тексеріңіз.
Ресми шартсыз бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.
Мессенджерлер немесе хабарландырулар арқылы ресімдеуді ұсынатын делдалдарға сенбеңіз.
«Егер сізге «кезектен тыс» көмек ұсынылса, бұл – сақ болуға себеп. Сақ болыңыз және жақындарыңызға, әсіресе қарт адамдарға ескертіңіз. Күдікті ұсыныстар болған жағдайда, құқық қорғау органдарына жүгініңіз», деп ескерті агенттік.
Айта кетейік, пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Еске салсақ, Астанада жөндеушінің атын жамылған алаяқ тұрғындардың ақшасын алып, қашып кетіп отырған.