Василий Левит: Табиғатқа қамқорлық жасау, қоршаған ортаны қорғау — біздің парызымыз

Василий Левит: Табиғатқа қамқорлық жасау, қоршаған ортаны қорғау — біздің парызымыз
Фото: Василий Левиттің жеке парақшасынан

Мемлекет, қоғам және бизнес бірлескен әрекеттер арқылы болашақ ұрпақ үшін заманауи, әділетті және экологиялық таза Қазақстан құруға қабілетті. Бұл туралы Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы бастау алды және әлі күнге дейін жалғасып келеді. Президент Астанада өткен волонтерлер форумында Конституциялық комиссияның жұмысына, Ата заңды жаңғырту үдерісіне және азаматтық жауапкершіліктің маңызына тоқталып, өз сөзінде:«Заң мен тәртіп үстемдік құрған, әділетті, қауіпсіз әрі таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет», - деп атап өтті. Сонымен қатар, Президент Арал теңізі мен Каспий теңізінің жағдайына ерекше мән беруге шақырды. Бұл мәселелер тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азияның, тіпті жаһандық қауымдастықтың назарында. UNESCO ұйымы да осы экологиялық проблемаларды тұрақты даму тұрғысынан қадағалап отыр», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ Василий Левиттің айтуынша, мемлекет, қоғам және бизнес бірлескен әрекеттер арқылы болашақ ұрпақ үшін экологиялық таза Қазақстан құруға қабілетті.

«Мен Жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын. Бұл бағытты Конституцияда нақты көрсетуіміз қажет. Табиғатқа қамқорлық жасау, қоршаған ортаны қорғау — біздің парызымыз және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Мемлекет, қоғам және бизнес бірлескен әрекеттер арқылы болашақ ұрпақ үшін заманауи, әділетті және экологиялық таза Қазақстан құруға қабілетті. Табиғатты қорғауды негізгі принциптеріміздің біріне айналдырып, оны әрбір азаматтың іс-әрекетінде көрініс табатындай етуіміз керек», - деді Василий Левит.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғанын жаздық.