Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 19:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Лондонда (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының спортшылары топтық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізді. Ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберді.

Ерлер (11-топ)

Қазақстан – Түркия 3:1

Кирилл Герасименко – Абдулла Йигенлер 3:0

Алан Құрманғалиев – Горкем Окал 1:3

Айдос Кенжіғұлов – Ибрагим Гүндуз 3:1

Кирилл Герасименко – Горкем Окал 3:0

Әйелдер (5-топ)

Қазақстан – Бразилия 1:3

Сарвиноз Миркадирова – Бруна Такахаши 0:3

Зәуреш Ақашева – Джулия Такахаши 3:2

Жәнерке Көшкімбаева – Лаура Ватанабе 2:3

Зәуреш Ақашева – Бруна Такахаши 0:3

Ерлер құрамасы келесі матчын Мысырға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен бүгін сағат 23:30-да басталады.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Моңғолиямен ойнайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.