28.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұлытау облысында ұрланған 100-ге жуық мал иелеріне қайтарылды

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұлытау облысында ұрланған 100-ге жуық мал иелеріне қайтарылды

|
Photo: polisia.kz

Бұл 5 қыркүйектен бастап облыс аумағында өтіп жатқан «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері 2300 шаруа қожалығын, мал соятын 6 арнайы орынды, сондай-ақ ет сататын 34 дүкен мен базарды тексерді.

Криминалды полицияның жүйелі жұмысының нәтижесінде 15 мал ұрлығы фактісі ашылды. Жедел-іздестіру іс-қимылдары барысында 17 адамнан тұратын 4 қылмыстық топ ұсталды. Олардың ішінде 6 адам сот шешімімен түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Сонымен қатар мал ұрлығының екі эпизодына қатысы бар екі тұлғаның да кінәсі дәлелденді. Құқық қорғау органдарының жұмысы нәтижесінде 100-ге жуық мал иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада. 

Іс-шара аясында қараусыз жүрген малдар уақытша айып тұрақтарына қамалады. Қазіргі таңда облыс бойынша 26 арнайы мал қамайтын орын жұмыс істейді.

Айта кетейік, полиция үш күнде 100-ден астам мал ұрлығын ашты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗