Ұлттық қауіпсіздік комитеті 120-ға жуық қару тәркіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері комитет прокуратураның үйлестіруімен полиция органдарымен бірлесе отырып өңірлерде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу үшін бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
«118 қару тәркіленді, оның ішінде алтауы «Калашников» автоматы, 83-і мылтық, 29-ы тапанша, сондай-ақ 15 граната мен 859 оқ-дәрі. Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Комитет өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын мәлімдеп, осы бағыттағы жұмыс жалғасатынын жеткізді.


Еске сала кетсек, Алматыда кәсіпкерлерге қару-жарақпен қысым көрсетуді жоспарлаған күдіктілер ұсталды.