Референдум-2026

Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монета шығарды

Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монета шығарды
Фото: Ұлттық банк

Қазақстанның Ұлттық банкі  «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Қазақстан Республикасының Конституциясы» коллекциялық монетасын айналысқа шығарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коллекциялық монета Ұлттық банктің интернет дүкені арқылы 19 тамыздан сатыла бастайды.  

Монета 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 1 шілдеде күшіне енді.

Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі 35х45 мм, номиналы 1 000 теңге, таралымы бір мың дана.

Коллекциялық монетаны ел аумағында өзінің құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ барлық банкте банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Еске салсақ, шілде айының соңына қарай елімізде SYǴANAQ коллекциялық монеталары сатылымға шықты.