«Қазақстанның ежелгі қалалары» сериясынан шыққан «SYǴANAQ» коллекциялық монеталары сатылымда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жаңа монетасы алтын жалатылып, 925 сынамды күмістен дайындалған.
Монетаның массасы — 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы — proof, номиналы — 1000 теңге, таралымы — 1000 дана.
Монетаны ҚҰБ интернет-дүкенінен сатып алуға болады: https://kazcoins.nationalbank.kz.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк «Сиқырлы нышандар» сериясынан TÁŃIRLIK KÚNTIZBE мен «Күн жүйесінің планеталары» сериясынан MERCURY коллекциялық күміс монеталарының сатылымға шығарылғанын жариялаған болатын.