Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады
19 ақпан, 2026
Фото: Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкі «Сиқырлы нышандар» сериясынан TÁŃIRLIK KÚNTIZBE мен «Күн жүйесінің планеталары» сериясынан MERCURY коллекциялық күміс монеталары 20 ақпаннан бастап сатылымға шығарылатынын жария етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
TÁŃIRLIK KÚNTIZBE монетасы күмістен соғылған, сынамасы – 925. Монетаның салмағы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана.

MERCURY монетасы да 925 сынамалы күмістен соғылған. Алтын жалату технологиясы қолданылған монетада тантал қондырмасы да бар. Монетаның салмағы 35 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Ұқсас жаңалықтар
10 шілде, 2026
Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады
10 шілде, 2026
Қазақстанның балмұздақ экспорты 46,4%-ға өсті
10 шілде, 2026
Инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысының өсуіне ықпал етті
9 шілде, 2026
Қазақстан халқының ақшалай табысы тұрақты өсім көрсетуде