ТЖМ ұшағы ана мен баланы шұғыл Қызылордадан Алматыға жеткізді – ВИДЕО

Бүгін, 17:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
ТЖМ ұшағы ана мен баланы шұғыл Қызылордадан Алматыға жеткізді – ВИДЕО
Фото: ТЖМ

ТЖМ авиаборты баланы шұғыл тасымалдау үшін Қызылорда-Алматы бағыты бойынша санитарлық ұшуды орындады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы қаласының бейінді медициналық мекемелерінің бірінде мамандандырылған медициналық көмекке зәру 2019 жылы туған қыз баланы шұғыл эвакуациялау қажет болды.

Ұшақта баланың анасы, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері болды.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақ экипажының және санитарлық авиация медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу штаттық режимде және қиындықсыз өтті. 

ТЖМ ұшағы Алматы әуежайына қонды, одан кейін қыз мамандардың бақылауымен одан әрі тексеріп, емдеу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.