20.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістандағы өрт: зардап шеккен бір адам Шымкентке жеткізілді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістандағы өрт: зардап шеккен бір адам Шымкентке жеткізілді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адам Шымкентке жеткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Облыстық аурухана Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан, тасымалдау қажет болды», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, зардап шеккен адамды гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді.

Қазіргі таңда өрттің нақты себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына бұзылған электр ұзартқыш себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Президент өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды. Өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен қаза тапқандардың тізімі жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗